Спорт

Петропавлда жеңіл атлетикадан ашық облыс чемпионаты өтті

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

– Облысымызда спортқа көп көңіл бөлінуде. Жаңадан спорт нысандары ашылып, үлкен жұмыстар атқарылуда.

Бұл шарада спорттың дамуына үлестерін қосқан бір топ жаттықтырушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің еңбегі еленді.

Серік Канжеғалин – Мамлют аудандық дене шынықтыру дайындығынан балалар мен жасөспірімдер клубының директоры:

– Жарыстарда үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрміз. Алдағы уақытта да биік белестерге жету үшін дайындалатын боламыз.

Өңірімізде велоспорт, жеңіл атлетика, волейбол, күрестің барлық түрі жақсы дамыған. Соңғы жылдары көркем гимнастарымыз да дүбірлі додаларда биік белестерден көрініп жүр.

Олеся Колешева – көркем гимнастикадан облыс құрамасының мүшесі:

– Топтық жарыстарда негізінен үшінші орындар аламыз. Жуырда, Шымкентте өткен сайыста екінші және үшінші орындарға қол жеткіздік. Жекелей сайыста Дарья Шапкина күміс және қола жүлделерге қол жеткізді. Бұл спорт түрі жеңіл емес. Бастысы, күш пен шыдамдылық қажет.

Сонымен қатар, жиын соңында түрлі жарыстарда ел мерейін асырып, топ жарып жүрген спортшылар да марапатталды.

 

Култанов Байболат