Қайырымдылық

Петропавлда “Мы есть” қорының қайырымдылық кеші өтті

Наталья Сапченко – «Мы есть» қайырымдылық қорының төрайымы:

– Жаңадан ашылған қор болғандықтан, іске асырар бірсыпыра жобаларымыз бар. Қазіргі таңда 30 балғынға шұғыл ота жасау керек. Соның ішінде Илья Пугач та бар. «Мы есть» қайырымдылық шарасы арқылы өңіріміздің барлық мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге қолымыздан келгенше көмек көрсетуді көздеп отырмыз.

Туабіткен ауыр сырқатқа шалдыққан балғын қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем алуда. Бүгінгі кешке сәбидің анасы Ильяның анасы да келіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Ольга Пугач – Ильяның анасы:

– Ұлымның сырқаты өте ауыр. Денсаулығын бір қалыпта сақтап тұру үшін керекті дәрі-дәрмектің құны да арзан емес. 5 ампуласның құны 600 мың теңге тұрады. Әрине, балам үшін жүрегім ауырады. Тезірек сауығып кетсе деймін. Осындай игі шараны ұйымдастырып отырған жандарға алғысым шексіз.

Шарапаты мол шарада облыстық филармония әншілері өнерлерін көрсетті.

Кеште өңірімізге танымал азамттардың жеке заттары аукцион арқылы сатылды. Мұнда өнерлі жерлестеріміздің қолдан жасалған бұйымдары мен суретшілердің картиналары, «Құлагер» хоккей клубының ойын таяғы мен формасы, бокстан аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы жерлесіміз Жанат Жақияновтың спорттық шолақ шалбары мен велоспорттан Әлем чемпионатының жеңімпазы Алексей Луценконың велошабандоз киімі бәсеке саудаға қойылды.

Жалпы аукционға 10-нан астам лот ойнатылды. Бұдан жиылған қаражат Ильяның керек жарағына жұмсалмақ.

 

Айсулу Сергали