МТРА жаңалықтары

Петропавлда колледж студенттері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Зәуреш Тобулбаева – СҚО Білім басқармасы кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің жетекшісі:

– Байқау дәстүрге сай “Үздік жүргізуші”, “Үздік токорь”, “Үздік электрмонтаждаушы” аталымдары бойынша өткізілуде. Оған өңіріміздің 6 колледжінің студенттері қатысуда. Жастар өздерінің тапқырлықтарын, жалдамдықтарын көрсетулері тиіс. Бүгінде өңіріміздегі 22 орта білім беру мекемелерінде 3 жарым мың студент оқуда.

Байқаудың алғашқы сынында барлық қатысушылар өздерінің аталымдары бойынша 30 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. Бұл үшін жастарға 45 минут уақыт берілді. Кейін, студенттер конкурстың 2 сайысында цехта практикалық тапсырманы орындады.

Мына, бөлмеде “Үздік токорь” аталымы бойынша жастар сынға түсуде. Олар сызбада көрсетілгендей етіп ұзындығы 6 см, ал ені 19 мм болатын “Шпилька” бөлшегін жасауда. Іске білек сыбана кіріскендердің қатарында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студентті Владислав Бякин да бар. Жасөспірім тапсырманы ережеге сай 60 минут ішінде орындайтынына сенімді.

Владислав Бякин – байқауға қатысушы:

– Бұл байқауға мен 2-ші рет қатысып отырмын. Былтыр 3 орын алған едім. Жаңа тест тапсырдық. Сұрақтар аса қиын болған жоқ. Енді, қазір сызбадағы бөлшекті жасаудамын. Бұл темір бұйымы көбінесе гидросорғыларда қолданылады.

Ал, мына бөлмеде үздік электрмонтаждаушылар білімдерін тексеруде. Олар 15 минут ішінде үйді жарықтандыру желісіндегі ақауды табуға тиісті. Кейін, оны жөндеп, жарықты қосады. Студенттердің білімін кәсіпорындардан келген қызметкерлер бағалайды. Үздіктері жұмысқа орналасу мүмкіндігін иеленеді.

Александр Тукачёв – “Көпсалалы жабдықтар зауыты” ЖШС директорының орынбасары:

– Бұл конкурс шынымен де үздік мамандарды анықтауға жол ашады. Кейін, оларды өз кәсіпорындарымызға жұмысқа аламыз. Мәселен, былтыр осы байқаудан соң “Көпсалалы жабдықтар зауытына 2 токорь қызметке орналысты. Жастардың тапсырманы орындаулары кезінде барлық ережені қатаң бақылауда ұстаймыз.

– Бұл жерде “Үздік жүргізуші” аталымы бойынша студенттер бақтарын сынауда. Олар түрлі кедергілерден тұратын тапсырмаларды орындауда.

Үздік жүргізуші аталымы бойынша 15 адам сынға түсті. Темір тұлпар тізігіндеген жастар дұрыс тоқтау, дөңге міну, түрлі кедергілерден өту сынды тапсырмаларды орындады. Сайыс кезінде қателікке бой алдырған жастардың ұпайлары шегерілді.
Байқау қорытындысы бойынша 3 аталымда жеңімпаздар анықталды. Оларға дипломлар мен бағалық сыйлықтар берілді.

 

Култанов Байболат