Денсаулық сақтау

Облыстық кардиологиялық орталықта тың ота жасалды

Мақсат Құдратоллаев- Облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:

– Қан тамырлары таруылы салдарынан қан жеткіліксіз мөлшерде барады. Сондықтан ол инсультке әкеліп соғады. Оны болдырмас үшін тазартып отыру керек.

Бұл әдіспен өңірде алғаш рет ота жасалып жатыр. Оны қарағандылық ақ халаттылар келіп орындауда. Олар мұндай оталарды 3 жылдан бері жасап жүр екен.

Азамат Жашкеев- Қарағанды облыстық кардиологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі:

– Шабтан күретамырға кіреміз. Кейін одан артериялар тазартылады. Стенттер салынады.

Ота жасалып жатқан науқас дәрігерлермен сөйлесіп жату керек. Яғни оған жергілікті наркоз беріледі. Аталған әдістің тағы бір ерекшелігі ота жасалған адам 2-3 күнде аяққа тұрып, ауруханадан шығарылады.

Асхат Молжігітов- Облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары:

– Бұрындары біздер мұндай науқастарға отаны ашық жүрекке жасайтынбыз. Одан кейін науқастың оңалуы жарты жылға дейін созылатын. Ал кей жағдайларда адамдарға мұндай оталарды жасай алмайтынбыз. Енді осы тың әдістің арқасында тұрғындардың өмір жасын ұзартуға болады.

Жыл сайын кардиологиялық орталықта 5 мыңға жуық адам ем қабылдайды екен. Тағы жыл басталғалы мұндағы ақ халаттылар ашық жүреккке 250-ден астам, тағы 1000-ға жуық жабық жүрекке ота жасапты. Осы ретте айта кету керек, желтосқанның 12-сі мен 13-і орталықта ашық есік күні өткізіледі. Онда дәрігерлерге қаралып, кеңес алуға мүмкіндік туады.

 

Магжан Ахмадина