МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биылғы егін жинау науқанында Тайынша ауданының аграрилері егістік алқаптардан жеті жүз мың тоннадан астам дәнді дақыл, 100 жүз мың тонна майлы дақыл жинады. Гектар берекелігі орташа алғанда 11- 16 центнерді құрады. Ауданда мал шаруашылығына маманданған 121 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді. Соның ішінде 10 субъект сүтті бағыттағы ірі қара мал ұстайды.

Осы ретте түрлі саладағы көрсеткіштер де айтылып өтті. Он айдың ішінде аудандағы өндіріс ошақтары нарыққа жиынтық құны 5,5 млн. теңгенің өнімін шығарыпты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өңір экономикасының дамуына 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі үлес қосуда. Тайынша ауданында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 491 млн. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылды. Ауданында құрылыс жұмыстары екпін алып келеді. Бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 1 943 шаршы метр болатын тұрғын үй қолданысқа тапсырылды. Келесі жылы аудан орталығында 50 пәтерлік көпқабатты баспананың құрылысы басталады.

Жиын барысында аймақ басшысы Келлеровка ауылы тұрғындарын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. Кейін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген азаматтарды марапатады. Ерік Сұлтанов үш азаматқа Құрмет грамотасын, 4-еуіне Алғыс хатын табыстады. Соның біреуі Дәүей Шатарбайға берілді. Зейнеткер ұлттық қол өнерді жастар арасында дәріптеп жүр. Қария бағымызға орай дана көшбасшы кездесті. Мұны әлем мемлекеттері де мойындап отыр дейді.

Дәүей Шатарбай – еңбек ардагері, Ардагерлер қозғалысының белсендісі, Тайынша ауданы:

– Ұлы той қарсаңында еңбегімді бағалап жатқандарына алғысымды айтамын. Бүгінде елдің экономикасын көтерген Елбасы Н.Назарбаевты көшбасшы мемлекеттердің басшылары мойындайды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Сахнада халықтар бірлігі, Отан тақырыбындағы әндер шырқалды. 1991 жылдан бері мемлекетіміздің тарихында орын алған айшықты оқиғалар туралы айтылды.

Осы күні өңір жетекшісі Келлеровка селосының кәсіпкерлерімен кездесті. Іскер азаматарға мемлекеттік бағдарлармалар аясында көрсетілетін жеңілдіктерді пайдаланып қалуды ескертті. Осы жерде бизнесмендердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Петр Калиновский Петропавл қаласында тауық көрмесін ұйымдастырғысы келіп жүр екен.

Петр Калиновский – жеке кәсіпкер, Тайынша ауданы:

– Асыл тұқымды тауықтарды асырап жатқаныма 30 жылдан асты. Тауықтың 12 шақты түрін өсіремін. Арасында Германия, Голландия, Аустралиядан әкелінген құстар бар. Тауықтарымды көру үшін өңір аудандарынан адамдар көп келеді. Сондықтан Петропавл қаласында құстар көрмесін өткізу орынды болар еді.

Ерік Сұлтанов кәсіпкердің идеясын құптады. Жуық арада облысымызда құстар көрмесі өтетін болады. Сондай-ақ кездесу барысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, соның жанынан сүт қабылдау пунктерін ашу туралы айтылды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын нысандарға инженерлік желілер тегін өткізіліп беріледі. Осы бағытта аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдар кедергі жасаса, бірден облыс әкімдігінің сайтындағы жеке блогыма шағым қалдырыңдар.

Өңір жетекшісі фермерлерге әсіресе, сүтті бағыттағы ірі қара малдың басын көбейтуді тапсырды.

Берік Қасен