Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов өңір әйелдерімен кездесті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Еліміз үшін отбасы, Тәуелсіздіктің байлығы, табысы деп білемін. Себебі, Отан отбасынан басталады. Алғашқы білімді, тәрбиені, ақылды осы жерден аламыз.

Облыс әкімі алты балалы ана Людмила Абросимоваға “Күміс алқаны” табыс етті. Отбасының үлкені 15 жаста болса, ең кішісі 1 жас 8 айда екен.
Бірі – мұғалім, енді бірі – кәсіпкер. Үстел басына түрлі саланың тұтқасын ұстаған нәзікжандылар жиылған. Арасында Гүлдана Қайкбаева да бар. Бәйтерек ауылының тұрғыны бүгінде 5 баланы тәрбиелеуде. Айтуынша, осындай кездесулер отбасы құндылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады.

Гүлдана Қайкбаева – көпбалалы ана, Қызылжар ауданы:

– Отбасылық құндылық ең негізгі ол үйдегі ананың рөлі деп ойлаймын. Отбасыда балаға тәрбие береміз. Тәрбие – ошағы дейді ғой, бала тәрбие көріп өссе, ол ертең нағыз патриот болады.

Бүгінде өңірде көпбалалы 458 жанұя тұрады. Оларға мемлекет тарапынан әрдайым түрлі көмектер көрсетіледі.
Кездесу барысында аймақ басшысы әр адам үшін өз жанұясы ыстық екендігін айтып, отбасында немеренің алар орны ерекше екендігін тілге тиек етті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бала өскен сайын өзіңе жақын болады. Баламен өзімізде өсеміз. Ал енді немере көп есе ыстық екен. Оны адамдар кейін біліп жатады. Мен өз отбасыммен кездескім келіп отырады. Бірақ, оған уақыт жетпей жатады.

Шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Риат Шони