МТРА жаңалықтары

ҚР Тұңғыш президенті күнін теріскейліктер атап өтті

Бұл күні Петропавлдың орталық алаңы жергілікті тұрғындарға лық толды. Кешті тамашалауға келген қара құрым халық алдында жергілікті дарынды жастар өнер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.

Кейін, кеш одан сайын қыза түсті. Сахнада қазақ, орыс тілдерінде әндер шырқалып, түрлі ұлттардың билері биленді. Бұған теріскейліктер өздерінің ыстық ықыластарын білдіруде. Жерлестеріміз еліміздің қарыштап дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесу зор дейді.

– Бүгінгі мерекені біз жылда атап өтеміз. Елбасының Тәуелсіз Қазақстан еліне қосқан үлесі зор. Қазір біз бақытты елде өмір сүрудеміз.

– Бүгінгі мереке қазақстандықтар үшін үлкен саяси маңызға ие. Өйткен, елбасы еліміздің дамуына үлес қосып, мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты нығайтты.

Тағы, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған концертте еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин де өнер көрсетті. Мейман өзінің репартуарынан бірнеше әндер шырқап, қызылжарлықтардың көңілін көтерді.

Жалпы, мерекелік кеш 2 сағатқа жалғасты.

 

Култанов Байболат