МТРА жаңалықтары

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне өңірімізден 9 делегат қатысты

Ерлан Айтжанов – Облыстық соттың төрағасы:

– Біріншіден – заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұл міндетті жүзеге асыруда сот басты рөл атқарады. Екіншісі – судьялардың жауапкершілігін күшейту. Сондай-ақ, лайықты судьялар корпусын қалыптастырып, сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Ал, бесіншісі – бұл құқықтық ағартушылық мәселесі. Азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттырудың арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады.

Соңғы уақытта еліміздегі сот жүйесі дамып келеді. Мәселен, бүгінде барлық сот залдары аудио және бейне жазу құрылғыларымен жабдықталған. Бұл фемида өкілдеріне түсетін шағымдардың санын азайтуға сеп болған. Сонымен қатар, биыл тұрғындардан еліміздегі соттарға түскен барлық талап арыздардың 73,5% “Сот кабинеті” қызметі арқылы жолданыпты. Айта кететін тағы бір маңызды жайт, Елордада өткен алқалы жиында судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданған.

Айдар Смағұлов – ҚР судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы:

– Жаңа Әдеп кодексі 15 баптан тұрады. Онда судьялардың тәуелсіздігі, объективтілігі, адалдығы мен сатылмайтындығы және әдеп нормаларын сақтау жайлы жазылған. Бұл кодекс жұмыс істеп жүрген судьялармен қатар отставкадағы судьяларға да қатысты.

Жиын соңында облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалы депутаттар фракциясының жетекшісі, облыстық соттармен қарым-қатынас кеңесінің хатшысы Владимир Витченкоға “Тәуелсіздікке – 25 жыл” мерейтойлық төсбелгісін табыстады.

Култанов Байболат