Мәдениет

Петропавлда “Туған ел – Бәйтерегім” атты концерт өтті

Рахат Мадреев – Маңғыстау облыстық филармониясының бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Еліміздің барлық қалаларында болдым. Бірнеше ұжыммен жұмыс жасадым. Шетел асып та концерт қойыдық.

«Туған ел-Бәйтерегім» атты концертке жерлес өнерпаздар маңғыстаулық дирижермен бірге бір аптаға жуық дайындалыпты. Бұл уақыт аралығында олар мейманнан жаңа туындылар мен күй орындаудағы батысқазақстандық стильді меңгеріп үлгерген.

Әсемгүл Кереева – Сегіз сері атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің мүшесі:

– Бұл оркестрде мен 17 жыл жұмыс жасап келемін. Осы уақыт аралығында біз көптеген дирижермен жұмыс жасадық. Біз үшін бұл – үлкен тәжірибе. Осы жолы бұрын-соңды орындалмаған батыс өңірінің күйшілерінің туындыларын үйрендік.

Мұнда келген көрермендердің де қатары қалың болды. Олар алдағы уақытта дәл осындай концерттер жиі-жиі өткізіліп тұрса дейді.

Айгерим Ержанова