МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Қызылжар су” ЖШС қызметтері үшін тарифті өсіруге арналған қоғамдық тыңдалым өтті

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Біз 2013-ші жылы 3 жылдыққа арналған тарифті жариялаған болатынбыз. Қазір оның мерзімі аяқталды. Сол себепті, жаңасын әзірлеп, бағаны 35 пайызға өсіруді жоспарладық. Қазір біздің тариф су үшін – 76, ал кәріздік құбырлар үшін 63 теңге болып тұр.

Егер монополистің өтініші мақұлданса онда келер жылдан бастап жеке тұлғалар сумен жабдықтауға 1 текше метр үшін 91,781, ал заңды тұлғалар 258,400 теңге төлейтін болады. Ал кәріздік желіге келер болсақ, онда жеке тұлғалар 81,286, бизнес иелері 247,757 теңге шығындайды. Ал 5 жылды қамтитын инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 7 млрд 537 млн теңге. Оның 2,7 млрды компанияның жеке қаражаты болса, қалғаны несие. Алдағы уақытта тиісті жөндеу жұмыстары тындырылса, онда сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 58,7, су бұрудыкі 46,9 пайызға дейін төмендемек.

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

– Субъект “Еуропа Қайта құру және Даму” Банкінен несие алып отыр. Сол себепті, тариф бағасы жоғары. Ол жыл сайын инфляцияға байланысты өсіп отырады. 2021-ші жылы 70 пайыз болады. Қорытынды шешім 15-ші желтоқсанда шығарылады.

Жалпы қазіргі таңда серіктестікте 926 адам еңбек етеді. Келер жылдан бастап олардың жалақылары да өсуі әбден ықтимал. Ал компания қызметін пайдаланышулардың қарызы 43 млн теңгеге дейін жетіп отыр. Қоғамдық тыңдалым соңында тұтынушылар компания өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

 

Риат Шони