Білім

Петропавлда облыстық ғылыми жобалар сайысы өтті

Абдужаппар Мухымтаев – «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Қарсыластарымның жұмысымен таныстым. Өте қызықты екен. Бірақ актуалдылығы жағынан менің жобам алды. Сондықтан жеңімпаз болатыныма үміттімін.

Мұнда 220 оқушы 16 түрлі бағытта жазылған ғылыми жұмыстарын қорғауда. Оның ішінде қолданбалы математика, биология, химия, физика және этномәдениеттану да бар. Жалпы биыл облыстық ғылыми жобалар сайысында 160 зерттеу таныстырылды.

Ғалия Тәшібаева – СҚО білім басқармасы білім саласындағы ақпараттық технология және әдістемелік орталығының әдіскері:

– Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ғылыми жарыстардың жалпы білім беретін пәндер бойынша дипломдарымен марапатталады. Және келесі кезең – іріктеуге өткізіледі. Бірінші тур – 14 желтоқсан бейіндік пәндер бойынша тестілеу өтеді, екінші тур – жобаны алдынала сараптау.

Конкурстың республикалық кезеңі келесі жылдың наурызында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова