МТРА жаңалықтары

Бескөлде техникалық байқау орталығы ашылды

Мереке күні қызылжарлықтардың қуанышы еселене түсті. Себебі, бүгін Бескөлде мынадай Техникалық байқау нысаны ашылып отыр. Биыл жыл басынан ауданда 8 кәсіпкер өз ісін ашқан екен.

Болат Жұмабеков, Қызылжар ауданының әкімі:

– Елбасымыз шағын және орта бизнесті қолдайды. Мне бүгін аудан азаматы осындай нысан ашып отырғанына қуаныштымыз.

Жаңа техникалық байқау станциясы жеңіл және жүк көліктеріне бірдей қызмет көрсетеді. Жергілікті көлік иелерін қуантқан орталықтың таспасы да кесілді. Енді мұндағылар күніне 10-нан артық көлікті қабылдайтын болады. Бұл мақсатқа жергілікті кәсіпкер Феодор Барон 5 млн теңгесін жұмсаған екен.

Федор Барон, «Барон» ЖК директоры:

– Жерлестерімді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Осынау күні өз бизнесімді ашып отырғаныма қуаныштымын. Бұл орталық жеңіл және жүк көліктерін техникалық тексеруге арналған. Бір ғана біздің ауданның өзінде жыл санап автокөлік саны артып келеді. Бұған дейін жергілікті жүргізушілер көлігін тексерту үшін облыс орталығына баратын. Енді, өз ауданымызда да бар.

Автобус, жүк көліктері, жеңіл автомобильдер. Мұның ішінде салмағы 18 тоннаға дейінгі кез келген темір тұлпарға қызмет көрсетіледі. Техникалық байқаудан бөлек сақтандыру компаниясының қызметіне де осы жерде қол жеткізуге болады.

Иван Барон, «Барон» ЖК операторы:

– Көліктің техпаспортында жазылған мәліметтерді компьютерге енгіземін. Сосын барып темір тұлпарды арнайы құрылғылармен тексеріп, газының шығу мөлшерін, бөлінетін түтіннің құрамын, көліктің жолаушы тасымалдауға жарамдылығын анықтаймыз. Автомобиль дұрыс жұмыс жасап тұр ма, орнатылған шынының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін, тежегіштердің жұмысын байқаймыз.

Бүгін Юрий Никифоров өз көлігін толық тексертуге келіпті. Қызылжарлық азаматтың автомобилін мұндағылар 15 минуттың ішінде түпкіліпті қарап берді. Қызмет құны – 3 мың теңге.

Юрий Никифоров:

– Көлік жылына бір рет техникалық байқаудан өтуі тиіс. Оның алыс жолға шығуға қаншалықты жарамды екенін де осыдан білеміз. Бескөлдегі бұл пунк біз үшін өте пайдалы. Мамандар көлікті басынан-аяғына дейін толық тексереді. Сенімді.

Техникалық байқау станциясында әзірге үш маман жұмыс жасайды. Бұл СҚ-дағы жүк көліктерін техникалық байқаудан өткізетін екінші орталық.

 

Акбопе Танирберген