МТРА жаңалықтары

Тұңғыш Президент күні қарсаңында қарулы күштерде еңбек ететін бірқатар азамат марапатталды

Оның ішінде тәртіп сақшылары мен әскерилер, шекара қызметшілері мен әскери-патриоттық клуб өкілдері де бар. Бүгін бұл жігіттердің дені Тұңғыш Президент күні қарсаңында жемісті еңбектері үшін марапатқа ие болмақ.

Евгений Глотов – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:


–  Жаңа ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, дамыған елдердің қатарына қосылу ортақ жауапкершілік. Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз деді. Сондықтан, біз Елбасымыз ұсынған саясатты жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етуіміз керек. Ел ертеңі біздің баршамыздың қолымызда.

Кейін Евгений Глотов қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың атынан 30-дан астам азаматты алғыс хатпен марапаттады.

Қошеметке бөленгендердің қатарында тәртіп сақшысы Руслан Акматов та бар. Ол жол-патрульдік полициясы батальонына қызметке осыдан 3 жыл бұрын орналасқан. Бұл уақыт аралығында ол бірнеше қылмыстың ашылуына септесіпті. Тіпті, осы жазда көпірден секірейін деп тұрған бір қызды ажал аузынан аман сақтап қалған.

Руслан Акматов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкері:

– Біз қоғамның тыныштығын сақтап, жолдағы қауіпсіздікті бақылаймыз. Бұл – біздің міндетіміз. Жас та болсақ, бүгін марапатқа ие болып жатырмыз. Рахмет. Бұл менің алда уақытта жұмысымның жақсы жүруіне ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Шара концерттік бағдарлаға ұласты.

 

Айгерим Ержанова