МТРА жаңалықтары

“Тұңғыш Президенті күні” мерекесі қарсаңында петропавлдықтардың еңбегі еленді

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Тұңғыш Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш. Тәуелсіз мемлекетте тұру, қазақстандық болу бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезімімен ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні” мерекесі қарсаңында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жерлестеріміздің бірі облыс әкімі Ерік Сұлтановтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Басқалары аймақ басшысының Алғыс хатын алды.

Салтанатты жиында ерекше құрметке бөленгендердің қатарында
мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмен, педагогтар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары бар. Барлығы да қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген азаматтар.

Ләззат Ерғожина – И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханасы бөлімінің меңгерушісі:

– Еңбегім еленіп жатқанына қуаныштымын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Әр отбасыға бақыт, береке тілеймін.

Салтанат Мұқанова – Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету 4-ші бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері:

– Әлеуметтік салада 12-ші жыл еңбек етіп келе жатырмын. Өзім қарияларға үйде көмек көрсетемін. Мемлекетіміз қазыналы қарттарымызға ерекше көңіл бөлуде. Қарттар үнемі Елбасының амандығын тілеп отырады. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен тыныштық мәңгілік болсын деп тілейді.

Соңғы жылдары елімізде қарапайым еңбек адамына да құрмет артып келеді. Серік Нұртазин 10 жылдан артық қаланы аббаттандыруға атсалысып жүр.

Серік Нұртазин- “Коммунхоз Петропавловск” ЖШС тракторшысы:


– Мен коммуналдық кәсіпорындардың бірінде тракторшы болып жұмыс істеймін. Өзге әріпсетсетірммен бірге қаланың таза болуын қадағалаймыз. Күнен-күнге Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан шаһарымыз одан сайын көркейе түссе деймін.

Жиын барысында мінберден сөз алып, ізгі тілегін білдіргендер Елбасына деген халықтың ерекше құрметі ешқашан ортаймайды деді.
Жерлестеріміз Ұлт көшбасшысының саясатын қолдап, 25 жылда жеткен жетістіктерімізді еселей түсуге өзінше үлес қосатындықтарын жеткізді. Шараның соңы мерекелік концерпен жалғасын тапты.

Берік Қасен