Өнеркәсіп

“Мұнаймаш” АҚ құрылғанына – 75 жыл

Уақыт өте келе өндірістің бағыты өзгеріп, бейбіт өмірге бейімделді. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін “Мұнаймаш” АҚ мұнай өндіруге арналған құралдарды дайындайтын болды. Кәсіпорын ұжымын мерейтойымен өңір жетекшісінің атынан орынбасары Ратмир Ахметов құттықтады.

Ратмир Ахметов – СҚО әкімінің орынбасары:


– Бүгінгі таңда “Мұнаймаш” зауыты сапалы жұмыс істеп, өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосуда. Зауыт ұңғымалы штангалық сорғыштардың 90 пайызын заман талабына сай жабдықталған жаңа қоңдырғылардың арқасында өңдіреді.

Кейін, Ратмир Ахметов өндіріс ошағының дамуына сүбелі үлес қосқан 7 қызметкерге облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады.

Мерейтойда зауытта қиын кездері еңбек еткен ардагерлер де марапатқа ие болды. Құрметке бөленгендердің қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Башкиров та бар. Ол кәсіпорында 58 жыл токарь болып жұмыс істепті.

Степан Башкиров – “Мұнаймаш” АҚ ардагері, ҰОС ардагері:

– Зауыт қызметкерлерін осы атаулы күнмен құттықтаймын. Әрқашан кәсіпорын көркейіп, дами берсін.

“Мұнаймаш” АҚ жыл басынан 6,5 мың мұнай сорғысы шығарылды. Осылайша зауыттағылар 2,3 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Спартак Пушкарев – “Мұнаймаш” АҚ басқарма төрағасы:


– Жыл соңына дейін “Мұнаймаш” АҚ өндіріс қуатын арттырмақ. Алдағы уақытта Ресей Федерациясына өнімдерімізді экспорттаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Бүгінде өңірдегі жетекші кәсіпорын саналатын “Мұнаймаш” АҚ -да 150-ден артық адам еңбектенеді.

 

Тогжан Акмагамбетова