МТРА жаңалықтары

Петропавлда ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті

Бүгінде аталмыш ұйым өз міндетін абыроймен атқаруда. Өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, игі істер жасалды. Мәселен, Шал ақын ауданында 328 зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 334,8 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. Ал Мамлют ауданында белсенді жастардан тимур жасағы қайта жанданып, 3 тоқсанның ішінде 200-ден астам қарияға қол ұшын созған.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:


– Қоғамдық кеңестердің маңыздылығы қарапайым халық пен атқарушы органдарды байланыстыру. Бүгінде облыста бұндай 80 ұйым бар.

Аққайың ауданында қоғамдық келісім кеңесі өткен жылдың желтоқсан айында белсенді жұмыс істей бастаған. Бүгінде бұл ұйымға 100-ден астам адам мүшелік етеді.

Арман Дүйсенбинов – Аққайың аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:


–  Біздің ауданда 13 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеп тұр. Олар өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруда. Ұйымның көмегімен Астраханское селолық округінде зиратқа арналған жер бөлу мәселесі шешілді. Сондай-ақ, елді мекендегі мемориал жөнделді.

Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімдеріне желтоқсанның 2-не дейін қоғамдық келісім кеңесінің қызмет картасын құру міндеті жүктелді. Сондай-ақ, кездесуде еңбегі еленген бірқатар мамандар марапатқа ие болды.

 

Риат Шони