Құқық қорғау органдары

Өңірде “Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда

Аталмыш акция аясында тәртіп сақшылары жастармен бірігіп шаһарымыздағы сауда үйлерінің бірінде флешмоб өткізді. Онда халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы жыл басынан ішкі істер басқармасының қызметкерлері 790 қорғау ұйғарымын шығарып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 678 әкімшілік хаттама толтырған.

Сейілбек Елжасов – ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

– Бұл акцияның ең басты мақсаты – тұрғындарды отбасылық-тұрмыыстық зомбылық мәселелері туралы хабардар ету. Отбасы – шағын мемлекет. Мұнда әйел отбасының ұйытқысы. Әр ана осы отбасыда бақыттың ажырамас бөлігі болып саналады.

Тогжан Акмагамбетова