МТРА жаңалықтары

Облыстық сотта 1-ші желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазіргі таңда елімізде сот жүйесі уақыт өткен сайын дамып келеді. Бүгінде барлық процесстерді бақылау үшін арнайы камералар орнатылған. Өткен 10 айдың ішінде өңір соттары 30 мыңнан астам азаматтық, 1813 қылмыстық істі қарапты.
Салтанатты жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ширек ғасырға аяқ басқан егеменді елімізді халықаралық аренада танытуда Елбасының үлесі зор екендігін баян етті.

Ерлан Айтжанов – СҚО облыстық сотының төрағасы:


–  Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырда Қазақстанның мол табысқа жетуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор.

Қазіргі таңда облыста 112 судья еңбек етеді. Еңбек өтілі 5-тен 20 жылға дейінгі 53 фемида өкілі биыл аттестация тапсырып, одан сәтті өткен. Оның нәтижесі бойынша үш судья жоғары тұрған лауазымға кадр резервіне енгізілуге ұсынылды. Бүгінгі шарада сол жандар марапатқа ие болды. Олардың қатарында Аққайың аудандық сотының төрағасы Нұрлан Нұралин де бар.

Нұрлан Нұралин – Аққайың аудандық сотының төрағасы:


–  Бізге аттестациядан өтуге жұмыстағы тәжірибе мен басшылықтың қолдауы көмектесті. Бұл марапат тек менікі ғана емес, облыстық сот жүйесінің марапаты.

Жиында сондай-ақ, 6 адам “Тәуелсіз Қазақстан Республикасына – 25 жыл” төсбелгілерімен марапатталды. Шара соңында кездесуге қатысушыларға Елбасы жайында деректі фильм көрсетілді.

Риат Шони