Аптадағы маңызды жаңалықтар

«25 жұлдызды күн» акциясы жалғасуда

Солдардың бірі – Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Елбасының жариялаған манифесі. Президент халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған болатын.

Күлімкөз Смайылова – Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:


–  Сол манифесте соғыстардың қаншалықты зардап әкелгендігін айтты. Оған барлығымыз бір оймен қарау тиіспіз. Оның зардабы талай ұрпақтарға тиеді. Жастар соны біліп, бейбіт өмірдің құнын біліп өсуі керек.

Форумға жастар да қатысты. Оқушылар елімізді басқарып отырған көреген Елбасының арқасында біздер бейбіт өмір сүріп жатырмыз дейді.

Салтанат Букпенова- әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:


–  Н.Назарбаевтың арқасында біздер Тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Бейбітшілік өмір салтын ұстанамыз. Өзіміздің қазақ тілінде, қазақ мектептерінде оқимыз. Осының барлығы Елбасымыздың арқасында деп ойлаймын.

Жиында еліміздің егемендік алған 25 жылда қол жеткен жетістіктері де сөз болды.

 

Магжан Ахмадина