МТРА жаңалықтары

СҚО балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы 25 жылдық мерейтойын атап өтті

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:


– Бұл орталықтағы педагогтардың еңбегі орасан. Олар балалардың білімі мен бойындағы өнерге деген қарім-қабілетін шыңдап, осылайша, еліміздің шығармашылық, зияткерлік әлеуеті жоғарылатуға өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар бұл жерде ұстаздар балалардың бойына ізгілік, толерантылық қасеиттерін сіңіріп жүр.

Салтанатты жиында көп жылдар бойы еңбек сіңірген педагогтарға Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың Алғыс хаты табысталды. Галина Жумалеева ұрпақты тәрбиелеу ісіне 43 жылын сарп еткен. Нәзік жанды зейнетке шықса да сүйікті ісінен қол үзген емес.

Галина Жумалеева – “Қарлығаш” үлгілі би ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

– Мен құрған “Қарлығаш” үлгілі би ансамблі 17-ші жыл жұмыс істеп келеді. Ұжымда 3 тен 9 жасқа дейінгі балалар билейді. Олар кішкентай болса да халықаралық байқауларда бірнеше рет топ жарып үлгерді. Мен балалар мекемесін 25 жылдық мерейтойымен құтықтаймын. Орталықтың жұмысы ешқашан тоқтамасын!

Бүгінде облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 24 падагог жұмыс істейді. Мұғалімдер жылда еліміздегі одан қала берді Ресейдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып тұрады екен.

Берік Қасен