Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтардың жартысынан астамы банктегі салымдарын теңгемен сақтайды

Бүгінде 18 түрлі қорғаныс қабаты банкноттарымыз халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Соңғы жылдары солтүстікқазақстандықтардың 95 пайызы несиені өзге валюталарда емес, теңгемен көбірек алатын болған.

Жомарт Қажырақымов – «ҚР Ұлттық Банкі» РММ СҚФ директоры:


– Биыл 10 айдың ішінде СҚО-да халық пен кәсіпкерлер банктерден 80 млрд теңге несие алды. Бұл сан былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға көп. Және биыл шағын және орта бизнеске берілген несиенің мөлшері 35 пайызға артық. Банктер шағын бизнеске қарыз беріп жатса, бұл экономиканың дамып жатқандығын білдіреді.

Бүгінде кәсіпкерлерден көрі халық несиені көп алатын көрінеді. Өңіріміздің бас қаржыгерінің айтуынша, халықтың банктерге сенімі жоғары. Оған дәлел көпшілігі салымдарын теңгемен сақтайды екен.

Жомарт Қажырақымов – «ҚР Ұлттық Банкі» РММ СҚФ директоры:

– Биыл солтүстікқазақстандықтар депозиттерге салған қаражаты 111 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыдан 36 пайызға көп екен. ақша салған. Банктердің активтері 25 трлн теңгені құрап отыр. Бұл былтырғыдан 15 пайызға көп. Демек банк жүйесінде қаржы бар. Олар бұл ақшаны хақыққа немесе нақты экономикаға бөліп, өздеріне пайда табады.

Бүгінде еліміздегі алтын-валюта қоры мен Ұлттық қорды қоса есептегенде 93 млрд АҚШ долларына жеткен. Қаржыгерлер теңгенің тұрақталып келе жатқанын айтты.

Берік Қасен