МТРА жаңалықтары

“Технодом” дүкенінде “қара жұма” акциясы өтті

Бағасы да қалтаны қақпайды. Өз клиенттеріне тиімді болу үшін “Технодом” компаниясы апта сайын түрлі акциялар ұйымдастырады. Сергей Семенов – тұрмыстық техника дүкенінің тұрақты клиенті. Айтуынша, үлкен сауда жасау үшін жеңілдіктер жасалатын “Қара жұма” күнін көптен күтіпті. Бүгін ол зайыбы екеуі “Самсунг” теледидарын сатып алды.

Сергей Семенов:

– Мұнда үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Қазір консультант мамандар құжаттарымды толтырып жатыр. Теледидар 269 мың теңге тұрады, бірақ жеңілдікпен 219-мың теңгеге алдым.

“Технодом” тұрмыстық техника дүкені “Қара жұма” акциясын үшінші жыл қатарынан ұйымдастыруда. Ол бүкіл әлемде қараша айының соңына келеді екен. Менеджерлердің айтуынша, мұнда тұрмыстық техниканы жарты бағасына сатып алуға болады. Ал акция бір емес үш күнге жалғасады екен.

Борис Семикопенко – “TECHNODOM” дүкенінің Петропавл қаласы бойынша менеджері:

– Акция аясында біз өз сатып алушыларымызға баға бойынша және де сыйлық алу үшін жақсы бір ұсыныс жасадық. Мұнда телефон, ноутбук, теледидар алса онда жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, жоғары санаттағы сервистік қызмет ұсынылады.

Риат Шони