МТРА жаңалықтары

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөніндегі заң шықты

Дәл осы күннен Қазақстанда “Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” АҚ құрылды. Аталған қор – мердігер міндетін атқара алмайтын болып жатса, басталған істі аяғына дейін жеткізіп береді. Бұл жағдайда қаржыны үлескерлерге қайтарып беру қарастырылмаған.

Қанат Ыбыраев,”Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директоры, Астана қаласы:

 


– Жаңа заң бойынша үлескердің қаржысын тартудың үш жолы қарастырылған. Біріншісі – “Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры арқылы алдын ала кепілдік беру арқылы. Келесісі – жергілікті атқарушы органдардың келісімін алу арқылы екінші дәрежедегі банктердің қатысуымен. Үшіншісі – бірінші ғимараттың қаңқасын тұрғызып алу арқылы.

Аталған жаңа заңды құруда Оңтүстік Кореяның тәжірибесі көп ескерілген екен. Жаңа жоба үш жыл талқыланыпты. Елордадан келген маманның сөзінше, енді күшіне енген жаңа құжат – нарықты өз ісіне жауапсыз құрылыс компанияларынан тазартып, үлескерлердің құқығын қорғайтын болады. Ал, тұрғыдардың сенімі – мердігерлерге инвесторлар тартуға септеседі. Бүгін аталған жобамен солтүстікқазақстандық құрылыс компаниялары да тынысты.

Сергей Тимофеев, “Оснавание” ЖШС директоры:


– Бүгін бізге үлестік құрылысқа лицензия алу үшін үш потенциалдық мүмкіндіктің барын айтты. Оның біріншісін түпкілікті түсіндірді. Кепілдік беру арқылы үлескерлерді тарту мүмкіндігінің жоғары екенін айтқым келеді. Енді толығымен меңгеріп, өз ісімізде қолдану жайын ойластырамыз.

Үлескерлердің қатысумен тұрғын үй салу мүмкіндігіне ие болу үшін құрылыс компанияларына өз жұмыс тәжірибелерін көрсетулері шарт. Инжинирингтік компаниялар бұрын тек техникалық бақылау жүргізсе, енді тиісті қаржының игеріліуі мен құрылыс барысына арнайы мониторниг жүргізетін болады. Кепілдік беру қоры, екінші деңгейлі банк немесе әкімдік бұл мониторингтің нәтижесін ай сайын жариялап отырады.

Акбопе Танирберген