МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыс әкімінің кубогі үшін халықаралық КВН сайысы өтті

Сүлеймен Кәкібаев – “7-UP” құрамасының мүшесі, Петропавл қаласы:

– Жалпы, әзілдеріміз Петропавл жайлы, университет жайлы.

СҚО әкімінің кубогіне арналған Халықаралық КВН фестиваліне барлығы 9 құрама қатысты. Олар – Ресейдің Омбы және Пермь қалаларынан, еліміздің Ақмола облысы мен Көкшетау қаласынан және әрине, теріскейлік қыз-жігіттер. Әзілкештер достық, махаббат және өмірдегі түрлі қызықты оқиғалар жайлы қалжындарын ортаға салды.

Жалғас Жамашев – “Агрофаки” құрамасының мүшесі, Көкшетау қаласы:

 

– Биылғы фестивальға халықтың көкейінде жүрген мәселелерді, өзекті проблемаларды қозғаймыз. Команда құрамында 4 бала болсақ та жақсылып дайындалдық. Қызылжарлықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын. Көрермендер біздің қалжыңларды көріп, ләззат алады деген ойдамын.

Сайыс қорытындысы бойынша 3-ші орынды жергілікті “Студенческая сборная” еншілесе, 2-ші тұғырдан Омбы қаласының “Вам и не снилось” командасы көрінді. Ал бірінші орынды Пермь қаласының “Гордость Урала” құрамасы жеңіп алды. Бас жүлде Ақмола облысынан келген құрамаға берілді.

Екі сағатқа созылған қалжың сайысы халықтың көңілінен шыққан сияқты.

Тогжан Акмагамбетова