МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі іс сапармен Есіл ауданына барды

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:


– Бүгінгі таңда облыста 2000-нан астам спорт кешені бар. Жерлестеріміз спортпен белсенді түрде айналысады. Соңғы екі жылда облыста 192 хоккей корты, 252 футбол алаңы ашылды. Бүгін, міне олардың қатары жаңасымен толығып отыр.

Жабық корттың аумағы 2000 шаршы метрден асады. Сыйымдылығы – 100 адам. Мұндай кешеннің ашылуына “Прометей” серкітестігінің директоры Юрий Шоль себепші болып отыр.

Юрий Шоль, “Прометей-Агро” ЖШС директоры, Есіл ауданы:

– Елбасымыздың ауылды жерде спортты насихаттауға көңіл бөлу керек деген сөзі бар. Спорт үйін өз жеке қаражатымызға жерлестермізге арнап тұрғыздық. Енді мұнда күніне жүздеген азамат спортпен шұғылданбақ.

Облыс әкімі жергілікті “Заградовка-Прометей” хоккей командасына қажетті спорттық құралдарды сыйға тартты. Кейін, алғашқы шайбаны да ойынға қосып берді.

Бүгін мұнда бірнеше команда жиылған. Азамат Мырзатаев – “Заградовка Прометей” ХК мүшесі. Бұған дейін қыста далаға мұз құйып жаттыққан спортшының қуанышында шек жоқ.

Азамат Мырзатаев, “Заградовка-Прометей” командасының ойыншысы:

– Мұнда біріншіден жылы. Қандай аязды күн болмасын келіп жаттыға аламыз. Өте қуаныштымыз. Бүгін өзге аудандағы әріптес командалар да қонаққа келді. Біздің құрама бұрын да біраз жетістіктерге жетіп жүрген. Енді жеңістерімізді еселей түспекпіз. Дәл осы күнді ұзақ күттік.

Жабық кортта хоккейден бөлек мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Ал, жазда жастар дәл осы залда баскетбол, футбол, теннис ойнамақ.

– Конькиіміді алып мұзға қазір-ақ шыққым келіп тұр. Балалар ғана емес ересектер де келіп демалатын болады. Селода осындай кешеннің ашылғанына дән ризамыз.

Бұл күні өңір жетекшісінің Есіл ауданында соққан тағы бір нысаны – Корнеевкадағы гимназия. Мұнда оқушыларға “Мектептер – болашақ серіктестер” халықаралық бағдарламасы бойынша білім беріледі. Ерекшелігі сол, бұл – дәл осы бағытта жұмыс жасайтын ауылды жерде орналасқан Қазақстандағы жалғыз мектеп. Өңір жетекшісі білім ұясына компьютер сыйлап, информатика сыныбы және асханасымен танысты. Мұнда балалар күніне үш мезгіл тамақтанады.

Екатарина Дунина, Корнеевка гиназиясының директоры:

 


– Мектепте 255 бала оқиды. Оқушылар қазақ, ағылшын, неміс және орыс тілдерін меңгеріп шағады. Сондықтан, дәл қазір Германиядан келген 3 ерікті және тағы 3 неміс тілі мұғалімі жұмыс жасайды. Оларға да арнайы интернат бар. Жыл сайын оқушылар тәжірибе алу мақсатында Австрия мен Германияға барады. Биыл 8 бала шетелде болып қайтты.

Кейін, өңір жетекшісі дәл осы мектептің спорт залына кірді. Мұнда жаттықтырушы Олег Антанкин сабақ өткізіп жатыр екен. Бүгін де 45 корнеевкалық бала мұнда мейбукан годзю рю каратэ домен айналысады. Жас каратэшілердің жетістіктері де көңіл көншітерлік.

– Биыл осы жерде каратэден Қазақстан чемпионатын өткіздік. 9 өңірден 160 спортшы бала келді. Біздің Есіл ауданы командалық есепте 3-ші орын алды. Жас каратэшілеріміз халықаралық, республикалық сайыстарға шығып, жүлделі оралып жүр.

Айту керек, бұл залға бірнеше жыл бұрын германиялық-австриялық демеушілердің тарапынан 10 млн теңгеге түпкілікті жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Акбопе Танирберген