МТРА жаңалықтары

Ел Тәуелсіздігі мерейтойы қарсаңында құрылысшылар марапатталды

Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хатын алып жатқандардың дені осы салаға көп жылдар бойы үлес қосып келеді. 30 жылдық еңбек өтілі бар Сәрсенбай Әубәкіров бүгінде құрылыс материалдарының барлығын өзімізде шығаратын жағдайға жеттік. Оған қоса 90-шы жылдармен салыстырғанда тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар да анағұрлым көп тұрғызылды дейді. Ол мұны егемендіктің бір жемісі деп біледі.

Сәрсенбай Әубәкіров – “Дорстройтрест” ЖШС учаске прорабы:

– Биыл 9 қабатты екінші үйді тұрғыза бастадық. Ол да 72 пәтерлі баспана. Құрылыс ойдағыдай жүріп жатыр.

Еңбегі еленгендердің қатарында Айдархан Тіленшін де бар. Ол -мемлекетіміздің дамуының куәгері. Егеменді ел болып аяққа тұрғанда қиыншылықты бәрімен бірге көрді, бүгінгі қуанышты күндерге де жерлестерімен бірге жетті.

Айдархан Тіленшін – “Стройкомпания” ЖШС тас қалаушысы:

 

– Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламалар іске қосылып, сол бойынша құрылыс қарқын алды. Қазіргі таңда қалаларда ғана емес, аудандарда да жас отбасыларға арналып жатақханалар салына бастады. Бұл дамудың белгісі.

Салатанатты жиыннның соңы мерекелік концертке ұласты.

Берік Қасен