МТРА жаңалықтары

Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Барильченко 100 жасқа толды

Кейін, азамат Краснодар педогогикалық институтын тәмамдап мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Петропавлдағы №21 орта мектептің директорына дейін көтерілген.

Степан Башкиров – СҚО Құрметті азаматы:


–  Мен Павел Яковлевичті №21 орта мектептің директоры болып жүрген кезінен бері танимын. Ол басқаратын білім ошағының балалары үнемі спорттық жарыстарда бірінші орын алатын. Екеуміз де майдангер болғандықтан жақсы дос болып кеттік. Әр мерекеде бір-бірімізді құттықтап, қуанышымызбен бөлісеміз.

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Барильченконың 100 жасқа толған туған күнімен арнайы облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтай келді. Ғасыр жасаған қарияға аймақ басшысы теледидар сыйға тартты

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


–  Сіз Ұлы Отан соғысын бастан өткергеннен соң, халық шаруашылығын дамытуға үлес қостыңыз. Бұл әрине қажырлы еңбек. Бүгінгі туған күніңізбен құттыйтаймын. Денсаулығыңыз мықты болсын. Ауырмаңыз!

Жүз жасаған қария өзін тың сезінеді. Ол жыл сайын туған күнін туған-туыстарымен қарсы алады екен.

Павел Барильченко – Ұлы Отан соғысының ардагері:


–  Жас кезімде туған күнімді достарыммен атап өтетінмін. Соңғы жылдары қуанышымды туған-туыстарыммен бөлісемін. Әзірге денсаулығым жақсы. Жиі табиғат аясына шығып, серуендеймін.

Павел Барильченко мен оның зайыбы Нина Барильченко осыдан 69 жыл бұрын шаңырақ құрыпты. Олар 1 ұл мен 1 қыз тәрбиелеген. Қазір жұбайлар 3 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр.

Байболат Құлтанов