Құқық қорғау органдары

СҚО-на жұмыс сапарымен ресейлік полицейлер делегациясы келді

Жалпы, жыл басынан бері өңірде іздеуде жүрген 23 қылмыскер анықталса, соның 4-уі адам өлтіру, қарақшылық, есірткі сату фактілері бойынша Ресей аумағында ұсталыпты. Осы орайда екі жақтың тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алуда әріптестікті әлі де болса нығайту қажет дейді.

Виктор Букреев – СҚО ІІД бастығының орынбасары ауд: Солтүстік Қазақстан облысы Ресей:

– Федерациясының 3 облысымен шектеседі. Қазіргі басты мәселе – шекаралас аймақтарда болатын қылмыстардың алдын алу болып отыр. Өткен жылы да екі жақ бірлесе белсенді жұмыс атқарып, қылмыскерлерді, іздеуде жүрген бірталай адамдарды қолға түсірді.

Сонымен қатар, бүгінгі кездесуде жиылғандар жұмыс барысында қаза тапқан теріскейлік полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтарын койып, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бұдан кейін ресейлік меймандар Ғазиз Есімов атындағы жас қызметкерлер аллеясын аралап, онда шырша көшеттерін отырғызды. Бұл күні ІІД білімшелеріне су жаңа 15 көліктің кілттері табыс етілді.

Айсулу Сергали