МТРА жаңалықтары

Шекаралас аймақтар форумы аясында панельдік сессия өтті

Бүгінде нәзік жандылар үй шаруашылығымен қатар кәсіпкерліктің де тұтқасын ұстап, басшылық қызмет атқаруда. Қазіргі таңда еліміздегі бизнестің 44,2 пайызында әйелдер жетекшілік атқарады екен. Олар өз ісін өркендетуде мемлекеттік бағдарламаларды да тиімді пайдаланылуда.

Светлана Назарюк – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚОФ директоры:


–  Өз кәсібін ашам дегендерге екінші деңгейлі банктер ұсынатын пайыздық мөлшерлемелер тиімді бола бермейді. Бұл мәселені шешуде “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасының көмегі тиеді. Аталған жоба арқылы рәсімделген несиені мемлекет субсидиялайды. Оның пайыздың мөлшерлемесі 7 мен 10-ның аралығында.

Сайран Байдалина Тимирязев селолық округінің әкімі болып еңбек етеді. Аталған аумақта 36 шаруа қожалығы бар екен. Оның 16-сы мал шаруашылығымен айналысады. Сайран Байдалина бүгіні жиында елді мекендерді дамыту келелі ойлар айтылды дейді.

Сайран Байдалина – Тимирязев селолық округінің әкімі, Тимирязев ауданы:


–  Қазіргі таңда ауылды жерлерде жалғыз басты қарттарға арналған орындар жоқ. Оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін өзіме мақсат қойдым.

Сондай-ақ, панельдік сессияда екі елдің шекаралас аумақтарында туризмді дамытуда кәсіпкер әйелдерді барынша тарту туралы айтылды. Бұндай нәтижелі қадам өңірімізде Айыртау ауданында көрініс тауып отыр. Аталмыш ауданда 36 туристік нысан жұмыс істесе, соның 7-уіне әйел азаматтар жетекшілік етеді.
Жиын соңында екі жақты уағдаластықты бекітетін резолюция қабылданды.

Риат Шони