МТРА жаңалықтары

Петропавлда жастар форумы өтті

Петропавл темір жол көлігі колледжіне әр салада қызмет етуді көздейтін 200-ден артық студент жиылған. Олардың әрқайсысының болашаққа деген айқын мақсаттары бар.

Елдар Көкежан, Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті:


– Болашақта өз мамандығым бойынша қызмет етіп, еліме пайдамды тигізгім келеді.

Жастар – ел болашағы. Сондықтан, олар үшін мыңызы зор мұндай шаралар жиі өтуі тиіс. Бүгінгі форум Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып “25 жұлдызды күн” акциясына орайластырылған.

Михаил Шатковский, Петропавл темір жол көлігі колледжінің директоры:


– Бүгінгі форумда Елбасымыздың “Қазақстан – 2050” стратегиясында көрсетілген тақырыптар қозғалмақ. Бүгінде техникалық сала мамандарына сұраныс зор. Сондықтан, бұл студенттер ертең еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға тиіс екенін ұғынып, алдағы уақытта немен айналысытандарын қазірден анықтаулары тиіс. Осы мақсатта бүгінгі форумды өткізудің пайдасы мол.

Түрлі техникалар құрастыру, ғылыми жаңалықтар ашу, ауыл шаруашылығын дамыту. Бүгін арнайы ЖОО-нан, компаниялар мен кәсіпкерліктерден шақырылған мамандар жастарға осы сарындағы тақырыптарда баяндама оқып, тәжірибе бөліседі. Әр студент өзін қызықтырған тақырыпты тыңдай алады. Мына кабинетте жас кәсіпкер Денис Самохин шағын және орта бизнестің дамуы жайында айтуда.

Денис Самохин, “Ритейл” ЖК жетекшісі:


– Мен бүгінгі жастарға өзімнің ісім мен тәжірибем жайлы айтуға келдім. Бизнесімді бастағаныма 5 жыл болды. Эпл маркалы телефондарды әкеліп сатып, оларға жөндеу жасаумен айналысамын. Қаз
ір қалада осындай екі нүктем бар. Бүгінгі жастардың арасында да өз сін бастағысы келетіндері бар екен.

Ал, мына аудиторияда аграрлық саладағы ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы технологиялар жайында айтылуда. Бүгінгі форум осы сынды 6 тықырыпты қамтыды.

 

Акбопе Танирберген