МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Мәңгілік ел – келешектің бастамасы» бизнес идеялар конкурсы өтті

Соңғы уақыттарда экологияның қатты ластанып жатқандығын ойлаған жас, биогаз қондырғысын орнатуға ниетті. Ол мал шаруашылығынан қалатын қалдықтарды қайта өңдеп, одан электр энергиясын алмақ.

Аманхан Болатов – байқауға қатысушы:


–  Мұндай жобаны жасау менің ойыма мектеп жасында келген болатын. Өйткені бүгіндері малдың тезегі қоқыс алаңдарына тасталады. Ал кейін оны жағып жібереді. Ол экологияға үлкен зиян келтіреді. Сондықтан оны арнайы биогаз қондырғыларында өңдеп, кейін энергия алуға болады.

Ал Ольга Щеглова жануарларға арнап қонақ үй тұрғызбақ. Ол қазір қаладағы әрбір екінші үйде үй хайуанаты бар дейді. Ал жол жүрерде көбіне адамдар оларды қалдыратын жер таппай жатады. Сондықтан нәзік жанды оларға арнап қонақ үй тұрғызса, бұл проблема шешілер еді дейді. Жалпы осы күні 8 азамат қазылар алқасына өз жобасын тыныстырды.

Лидия Грабарь – «Жастар СӨС үшін» ЖҚБ төрағасының орынбасары:


–  Жобаларды негізгі бес талап бойынша таңдаймыз. Ол алдымен, тың идея болу керек, жаңа инновациялық жоба болса мүлдем жақсы. Тағы ол жүзеге асса, бәсекеге қабілетті болуы шарт. Жұмыс орындары құрылуы тиіс. Тағы ол табысы жақсы болатын идея болуы керек. Кей байқауға қатысушылар осы «Даму» қорында арнайы оқудан өтті. Кейін олар өз жобаларын .

Байқау қортындысы бойынша Мадина Сәкенованың ұлттық киімдер тігу жөніндегі идеясы үздік деп танылған. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Магжан Ахмадина