Спорт

Якуттар жерлес спортшыларға еркін күрестен шеберлік сағатын өткізді

Белдескенде спортшыға бастысы, мінез керек дейді якуттар. Саха Республикасында осы спорт түрі жақсы дамыған.

Орынбек Балағанов – СҚО спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының аға жаттықтырушысы:

– Якутияда халықаралық турнирде таныстық. Сонда тәжірибеалмасу жайында сөз қозғалған болатын. Осындай тығыз әріптестігіміздің арқасында балалардың деңгей жоғарылайды деген сенімдемін.

Иван Прокопей – жасөспірімдер арасында еркін күрестен бас бапкер, Саха (Якутия) Республикасы:

– Бізді жақсы қарсы алды. Интернатта жаттығып, осында тамақтанамыз. Солтүстікқазақстандық балалардың аяқ алысы жаман емес. Оларға жақсы мектеп керек. Өзімен бірге 8 спортшыны ертіп әкелдім. Спортшылардың арасында Ресей чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Осы жерде облыстық еркін күрес федерациясының президенті
Бауыржан Құлжанов қонақтарға СҚО-сы туралы энциклопедия тарту етті.

Жергілікті бапкерлер якуттармен екі апта бойы тәжірибе алмасады.

Берік Қасен