МТРА жаңалықтары

Үш тілділік – міндет

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің баянды болуына негіз жасайтын негізі тіректерді бірі. Сондай-ақ, қазақ халықында 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл деген аталы сөз бар. Тіл меңгеру – еркіндіктің бостандықтың бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі.

Кейінгі жылдары Солтүтік Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының қатары еселеніп келеді. Мемлекет басшысының “Болашақ” бағдарламасы арқылы шетел асып білім алып келетіндері де бар.

Кемел Оспанов, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы:

– Заман талабына сай – Тәуелсіз елдің ертеңі жастар білім шыңына кең құлаш сермеуде. Еліміздегі үш тұғырлы саясаты аясындағы болашақ үшін жасалып отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда.

Білім беру, Отан қорғау және мемлекеттік қызмет. Бұл қыз-жігіттер әр салада тер төгіп, мемлекет дамуына өз шама-шарқынша үлес қосып жүр. Мәселен, ҚР ҰҰ Әсери институтының курсанты – Вадим Воробьев үш тілде еркін сөйлейді. Әкесі орыс, анасы – қазақ. Екі ұлттың салт дәстүрін бойына бірдей сіңіріп өсіпті.

Вадим Воробьев, ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

– Екі тілді де жетік білемін. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеріп жатырмын. Мемлекеттік тілді білу әр азамттың парызы. 01:20 Менің мақсатым – оқуымды жақсы аяқтап, Елім мен жерімнің қорғаны болу, Тәуелсіз елімді күзету.

Ал, Марина Писаренко 4 тілді біледі. 22 жастағы азаматша бүгінде қалалық ІІБ-да еңбектеніп жүр. Ол – мемлекеттік тілде сөйлеу әр қазақстандықтың міндеті деп санайды.

Марина Писаренко, Петропавл қаласы ІІБ полициясының қызметкері:

– Ұлтым орыс болғанымен мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін. Ағылшын-неміс тілдерін білетініме мақтанамын. Біздің ІІД-де 20-дан артық өзге ұлт өкілдері қызмет етеді. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Амадардың құқықтарын қорғау.

Солтүстік Қазақстан – ауыл-шаруашылық өнімдерімен танылған еліміздің алдыңғы қатарлы өңірі. Сәйкесінше теріскейге келіп, бірлесіп жұмыс жасап жатқан шетелдік инвесторлар саны да артуда. Сондықтан, Өңір жетекшісі өз сөзінде “Қай салада болмасын – теріскейлік жастар шет тілдерін қоса меңгерулері қажет”, деп атап кетті. Кейін Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, насихаттауға қосқан үлесі үшін бірқатар жастарды марапаттады.

 

Акбопе Танирберген