МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлықпен күреске жұмыла кірісу қажет

Әсіресе, мемлекеттік сатып алулар кезінде көптеген олқылықтар анықталатын көрінеді. Олар тексеру жұмыстары барысында әшкере болады. Жыл басынан ондай 683 қателік анықталған. Оның 188-і мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімін бұзуға қатысты орын алған. Салдарынан 23 маман тәртіптік жуапкершілікке тартылыпты. Алайда, кей кездерде ол тек мемлекеттік қызметкерлердің жауапсыздығынан емес, заңдағы түсініспеушіліктерге де қатысты болады екен.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Бір заңдық актіде былай деп көрсетілсе, келесісінде басқаша деп жазылған. Сондықтан, олардың бірін орындасаң, екіншісі мүлде оған кереғар болады. Сондықтан, біз тек жазаламай, оларға түсіністікпен қарау біздің функциямызға кіреді.

Жиныға қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері де өз пікірін ортаға салған. Олар биыл облыс тұрғындары арасында арнайы сауалнама жүргізген.

Руслан Асаубаев – «The Last Hope» үкіметтік емес ұйымы» ҚБ төрағасы:

– Елімізде қандай сала мамандары сыбайлас жемқорлыққа ең көп бой алдырады деген сауалға солтүстікқазақстандықтардың басым бөлігі әкімдік пен полиция деп жауап берген. Сауалнамаға қатысқан көпшілік кейде өздерінің де жауапкершіліктен құтылу үшін тәртіп сақшыларына пара беретіндігін көрсеткен. Тағы теріскейліктер пара алуға оларды жалақы мөлшерінің төмендігі итермелейтіндігін айтқан.

Міне, бұл – сауалнамаға қатысқан 1000-нан астам солтүстікқазақстандықтың пікірі. Алдағы уақытта үкіметтік емес ұйым мүшелері тағы осындай шаралар жүргізбек. Ал жиын соңында 4 азамат қоғамдағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыруға үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Магжан Ахмадина