Көлік және жолдар

“ҚазақАвтоЖол” кәсіпорны облыстық филиалының мамандары күніне 1468 шақырым жолды қардан тазалайды

Виктор Черемухин – “Қазақавтожол” РМК СҚОФ №63 жол пайдалану учаскесінің автогрейдер жүргізушісі:

– Бүгін жолды 7 сағат бойы тазаладым. Қазір өңірде қар көп жаумағандықтан жұмысымыз аса қиындық тудырып тұрған жоқ. Ақтүтек борандарда көлігімізге таңғы 6-да мінеміз. Кей кездері түннің бір уағына дейін жұмыс істейтін күндер болады.

Қазір “Қазақавтожол” кәсіпорны облыстық филиалының Петропавлдағы учаскесіне қала сыртындағы айналма жолды тазалау бекітілген. Серіктестікте бүгінде 72 адам мен 27 бірлік техника бар. Мамандар тағы жолдарға тұз аралас құм себеді. Кәсіпорын қызметкерлері биылғы жылы 2 мың текше инертті материал даярлапты.

Елубай Жуаспаев – “Қазақавтожол” РМК СҚОФ №63 жол пайдалану учаскесінің басшысы:

– Біздің учаске 436 шақырым республикалық маңызға ие жолды қардан тазалайды. Тағы, 86 шақырым жол жөндеуден өткесі біздің қарамағымызға өтеді. Жанар жағармай, көмір қоры жеткілікті.

Бүгінде “Қазақавтожол” кәсіпорны облыстық филиалының 4 жол пайдалану учаскесі бар. Мамандар өңірдегі республикалық маңызға ие 1468 шақырым жолды қардан тазалайды.

Култанов Байболат