Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК рудныйлық “Горнякқа” есе жіберді

Көп кешікпей қостанайлық Павел Жилин таблодағы сан басымдығын арттырды. Сонымен есеп 0-де 2. Жерлестеріміз жеңілуде. Солтүстікқазақстандықтар тек бірінші периодтың аяқталуына 30 секунд қалғанда белсенділік көрсетті. Құрамадағы сұрмерген Ильгиз Нуриев көзге түсіп, шайба авторы атанды.

Алғашқы 20 минуттықтың қорытындысы 1-де 2. Әзірге, қонақтар алда.

– Мен “Құлагер” командасына сенемін. Келесі кезеңде біз міндетті түрде шайба саламыз. Ойында 4-те 2 есебімен жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Екінші перидтық басталғаны сол-ақ еді, қарсыластар тағы да шайба салды. Құлагердің бұрынғы ойыншысы Алексей Красавин есепті 1-де 3-ке жеткізді. Кейін, жерлестеріміз шабуылға қарқын қосты. Бұл кезеңнің соңында Алексей Петушков рудныйлық қақпашыдан айласын асырып, есепті қысқартты.

2-ші кезеңнің қорытындысынан соң 2-де 3 есебімен қонақтар алда келеді. Соңғы периодта шайба соқпаса жеңістің ауылы алыс болатындығын ұғынған жерлестеріміз белсенді. Ақыры 44-ші минутта тағы да сол Алексей Петушков дубль авторы атанды.

Дегенмен қызылжарлықтардың қуанышы көпке созылмады. 1 минуттан соң “Горняк” құрамасының ойыншысы Павел Жилин 4-ші шайбаны салып, құрамасын алға шығарды. Осы басымдықты қонақтар матчтың соңына дейін ұстап, жеңіске жетті. Қос команда арасындағы қарымта кездесу бүгін кешкі сағат 19:00-де “Спорт сарайында” өтеді.

 

 

Култанов Байболат