Өнеркәсіп

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов «БИОХИМ» зауытына қаржы құятын инвесторлармен Тайынша ауданында жұмыс жиналысын өткізді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазандықты, қоймалар мен диірменді іске қосып, жұмысты бастау қажет. Ұнға сұраныс болғандықтан, диірменге бөлінген шығынды қайтаруға мүмкіндік бар. Өндіріс қалпына келіп, мұнда жаңа өмір пайда болады.

Алдағы уақытта кешенге су құбырлары тартылып, нысан электр тарату жүйесіне қосылады. Қазір осы жөнінде тиісті компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жандос Есенбай – «BioLinekz» ЖШС жоба директоры:

– Зауытта кешенді шаралар жоспарланған. Құрылғыны түгендедік. Желтоқсан айында диірмен мен цехті тексере бастаймыз. Осымен бірге сумен және электрмен қамту жүзеге асырылуда.

Осы күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша аудандық ІІ бөлімінің уақытша ұстау изоляторына барды. Бұл нысан мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынған. Бұрын жақын жердегі қамау абақтысы Ақмола облысында болған.

 

Берік Қасен