МТРА жаңалықтары

Жыл басынан теріскейде есірткіге қатысты 299 қылмыс тіркелген

Яна Таратута, М.Айтқожин атындағы №1 орта мектебінің оқушысы:

– Бүгінгі “Спайс және темекі қоспалары” атты онлайн-сабаққа қатыстым. Осында көп мағлұматтармен таныстым. Бұдан кейін мен салауатты өмір салтын ұстану керектігін ұғындым.

Бүгін осындай жиынды тәртіп сақшалары медициналық колледждің студентері үшін де өткізуде. Оларға синтетикалық есірткінің зияны жайлы әңгімеленді. Солардың ішінде балалар мен жастар арасында кеңінен танымалы – темекі қоспалары қосылған “спайс” химиялық белсенді заты туралы айтылды. Ес пен ойдың бұзылуы, галлюцинациялар және физикалық тәуелділік. Міне, мұның бәрі ең соңында өлімге апаруы әбден мүмкін.

Жанар Байғазина – СҚО ІІД есіркі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға тергеушісі:

– Есірткі пайдалануға болмайды. Оны сақтағандар, сатқандар жауапқа тартылады. Біз оқушыларға осы жайында біраз ақпарат бердік. Сондай-ақ нашақорлықтың зияны жайлы да әңгімеледік.

Жалпы жыл басынан теріскейде есірткімен байланысты 299 қылмыс тіркеліп, 400 килограммға жуық есірткі заттары тәркіленген.

 

Тогжан Акмагамбетова