Денсаулық сақтау

Петропавлдағы “Панацея” отбасылық медицина орталығына 1 жыл

Анастасия Ардицкайте – емделуші:

– Қазір мұндағы мамандардың арқасында қызым Эмилияның жағдайы жақсарып қалды. Өзімнің де денсаулығым дұрысталды. Орталық толығымен заманауи қондырғылармен жабдықталған. Енді, тек осы жерде ем қабылдайтын боламыз.

Жалпы, “Панацея” отбасылық медицина орталығының әр бөлмесі жапондық және германдық озық апараттармен жабдықталған. Оған қоса тренажерлік құрылғылар тағы бар. Мәселен, физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлмесінде электролиз, физио емдеу, магнитотерапия жүргізіледі. Ал, мынау – зертхана. Мұнда қан сараптамасының қорытындысы небәрі 5 минуттың ішінде дайын болады екен. УЗИ бөлмесінде де жұмыстың бәрі жеңілдетілген. 40 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Михаил Кувычко заманауи құрылғылардың көмегімен науқастың диагнозын аз уақыттың ішінде анықтаймыз дейді.

Михаил Кувычко – “Панацея” отбасылық медицина орталығының УДЗ дәрігері:

– Мына апараттардың арқасында жұмысымыз жеңілдеді. Қазір біз бұл құрылғылардың көмегімен адамның әр мүшесін тексере аламыз. Күніне бұл жерге 10 шақты науқас келеді. Қызмет көрсету құны қалтаны аса қақпайды. Қаладағы басқа да УЗИ орталықтарынан бағамыз әлдеқайда арзан.

Қазіргі таңда денсаулықты жақсарту орталығында 26 бірдей 1-ші және жоғары санатты дәрігер жұмыс істейді. Ақ халатты абзал жандар адамдарға 21 бағыт бойынша ем жүргізеді.

Лариса Балахонцева – “Панацея” отбасылық медицина орталығының гастроэнтеролог дәрігері:

– Орталық тұрғындар үшін өте ыңғайлы жерде орналқан. Біз өңіріміздің әр ауданынан келген науқастарды емдейміз. Шалғай ауылдардан келетін адамдар орталыққа хабарласып дәрігердің қаралуына жазылуға болады.

Биыл “Панацея” отбасылық медицина орталығының ашылғанына 1 жыл толып отыр. Осы уақыт ішнде мамандар 7 жарым мыңнан астам науқасқа қызмет көрсеткен. Тағы, үстіміздегі жылы орталық мемлекеттік тапсырысты орындауды да қолға алған.

Ирина Сазанова – “Панацея” отбасылық медицина орталығы ЖШС директоры:

– 2016 жылдың қаңтар айында біздің орталықта балалардың күндізгі стационары ашылды. Ол жерде науқас балалар дәрігердің қарауынан өтіп, бізде тегін емделеді. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырысты толық орындаудамыз. Алдағы уақытта тұрғындарға қызмет көрсетуді арттырмақ ойымыз бар.

Осындай мүмкіндікті шарапатын көргендердің қатарында 7 жастағы Темірлан Сарсенбаев та бар. Ол осыдан үш жыл бұрын скалиозға шалдығыпты. Содан бері балақай жиі дәрігерге қаралады. Бүгін балғынды әжесі Любовь Сарсенбаева “Панацея” орталығына алып келді. Мұнда Темірлан ортопед мамандың қарауынан өтеді.

Любовь Сарсенбаева – қала тұрғыны:

– Темірлан қалалық балалар емханасының стационарлық есебінде тіркелгендіктен, бізді тегін ем қабылдау үшін осында жіберді. Сол себепті, “Панацея” орталығының ұжымына алғысымды білдіремін. Мұндағы мамандар білікті деп естідік. Енді, немеремнің денсаулығы түзеледі деген ойдамын.

“Панацея” отбасылық медицина орталығы М.Жұмабаев көшесі 109 үйде орналасқан. Телефон нөмірі: 501-505. Мамандар тұрғындар үшін таңғы 8 жарымнан 20 ға дейін қызмет көрсетеді.

 

Култанов Байболат