Спорт

Петропавлда “Алтын шайба” турнирі басталды

Сонымен ойын басталды. Мұзға ең алдымен «Авангард» пен «Тұлпар» командалары шықты. Қос құраманың ойыншылар да бірден шабуылға көшіп, бірнеше мәрте шайбыны қарсыластарының қақпасына соғуға тырысты. Осылайша ең бірінші болып есепті «Құлагер» мектебінің тәрбиеленушілері ашты.

Олардың жылдамдығына ілесе алмаған тұлпарлықтар авангардтық жігіттерден 4-те 0 есебімен жеңіліс тапты. Дегенмен өзге құрама спортшыларының жеңіске деген талпынысы зор.

Азат Кшуков – «Қайсар» командасының капитаны:

– Хоккеймен екі жыл айналысамын. Бұл уақыт аралығында біз “Алтын шайбаға” екі рет қатысып, күміс жүлдегер атангдық. Биыл алтын алуға мүмкіншілігіміз бар.

Айту керек, турнирге қатысушы 4 команданың 3-уі №23-ші мектептің оқушыларынан құралған.

Дмитрий Белокопытов – ойынның бас төрешісі:

– Бүгін және ертеңгі күндері 4 команда бір-бірімен өзара ойнайтын болады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып белгіленеді. Балалардың жарысқа жақсы дайындықпен келгені байқалады.

«Алтын шайба» турнирінің жүлдегерлері медальдармен марапатталады. Ал жеңімпаз командаға бас жүлде кубок табысталмақ.

 

Айгерим Ержанова