МТРА жаңалықтары

Есения Епифанцева ұлттық “Бала дауысы-2016” балалар ән байқауының лауреаты атанды

Есения Епифанцева – “Бала дауысы – 2016” ән байқауының лауреаты:

– Мен бір ай бойына Алматы қаласында байқауға басқа өңірлердің үміткерлерімен бірге ақтық кезеңге дайындалдым. Күнделікті вокалдан, биден бізге сабақтар өткізді. Мол тәжірибе жинадым. Алдағы уақытта үлкен сахнаға шығып, танымал әнші болғым келеді.

Байқау аяқталған соң Есения күнделікті өмірене қайта оралды. Дәл қазір музыкалық білім алып жатқан “Жас дарын” өнер мектебінде сабаққа қатысуда. Тәлімгері Ульяна Поединок шәкірті Есенияның болашағынан зор үміт күтетінін айтты.

Ульяна Поединок, “Жас дарын” өнер мектебінің эстрада-вокал мұғалімі:

– Есенияның менде тәлім алып жүргеніне 3 жыл болды. Қыз өте дарынды. Үйреткен нәрсені бірден ұғып алады. Мен оны келешекте үлкен сахнадан көретініме кәміл сенемін.

Наурыз айында “Бала дауысы” байқауының қатысушылары еліміздің әр аймағын гастрольдік сапармен аралайды. Олардың қатарында жерлесіміз Есения ЕпифАнцова да бар. Әнші қыз қазір үлкен дайындық үстінде.

 

Тогжан Акмагамбетова