МТРА жаңалықтары

Желтоқсан оқиғасына – 30 жыл

Ал, оларды күшпен басуға әскерилер жұмылдырылған. Ол уақытта 31 жастағы жігіт ағасы Боташ Қажымов Степнагорск қаласындағы 66/37 әскери бөліміндегі қызмет атқарып жүрген. Одан бөлек Алматыда сырттай журналистикада оқып жатты. Бүгін ол осы залдағы желтоқсан оқиғасының жалғыз куәгері.

Боташ Қажымов, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының СҚОФ төрағасы:

– Әскерилерді алаңға шыққан жастарды бассын деген бұйрық болды. Мен бас тартып, листовка жаздым. Осы үшін қуғындалдым.

Ушығып тұрған уақытта азаматтық ойын ашық білдірген Боташ Қажымов сол кезде тағылған айбынан тек 1994 жылы толықтай ақталып алынды, әскери шені қайтарылды. Бүгін де “Желтоқсан ақиқаты” республикалық ұйымының СҚ бойынша төрағасы. Ол ызғарлы желтоқсан оқиғасына қатысы болған жалғыз солтүстікқазақстандық емес.

Боташ Қажымов:

– Негізі ресми емес деректер бойынша СҚО-нан 15 азамат қатысқан. Мен, тағы екі азамат ақталып шықтық. Енді қазір Бесколде тұратын тағы бір досымыз бар. Жақында лған желтоқсан оқиғасының қатысушысы деген атақ алатын шығармыз. Барлық құжаттарды жинастырып қойдық.

18-25 жас аралығындағы студент жастар Ел болашағы үшін Алаңға шығып, ойын анық білдіріп жазықсыздан жалалы болып жатты. Сол оқиғадан хабары бар азаматтар мен тарихшылар бүгінгі жастарға баяндауда.

Ерлан Ермек:

– 1986 жылы болған оқиғаны барлығымыз білеміз. Қазіргі біздің жасымыздағы қыз-жігіттер алаңға шығып, Ел болашағына бей-жай қарамайтындарын білдірді. Бі қазіргі жастар да Ел Тәуелсіздігінің мәңгі болуына ат салысамыз.

Жаңғырығы әлі басылмаған оқиғаға биыл – 30 жыл. Тәуелсіздікті аңсаған қазақ жастарының ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпайды.

 

Акбопе Танирберген