МТРА жаңалықтары

“25 жұлдызды күн” акциясының екінші күні – ҚР рәміздеріне арналған

«25 жұлдызды күн» республикалық акциясының екінші күні – еліміздің рәміздеріне арналған. Сол себепті мына залға жиналған бастауыш сынып оқушылары шараны әнұраннан бастады.

Кейін балақайлар бір-бірімен жарыса өлең айтып, туған жерлеріне деген махаббаттарын білдірді.

Ал мына кабинетте 8-ші сынып оқушыларында тарих пәні сабағы өтуде. Бүгінгі тақырып – Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері. Мұнда ұл-қыздар егемен елдің қалыпатасуы мен дамуы туралы әңгіме жүргізуде. Бірі – әсем қала Астана туралы, ал енді бірі еліміздің тарихын шамалары келгенше зерттеп зерделеген. Кейін оқушылар біліп-түйгендерін сыныптастарымен бөлісті.

Вероника Пакетова – 26 мектеп-балабақшасының 8-сынып оқушысы:

– Бүгінгі сабақ маған өте ұнады. Өзім бұрын-соңды естімеген ақпараттарды алдым. Сабақ барысында біз топпен жұмыс жасадық. Оның ішінде еліміздегі білім саласындағы жаңашылдықтармен, Астана қаласындағы өзгешеліктермен жақынырақ таныстық.

Айту керек, өңірімізде мұндай ашық сабақтардың 25-і өтеді. Оның 12-сі аудандарда жоспарланған. Аталмыш шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылуда.

Шарғия Мукушева – «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» МКМ директоры:

– Бұл жоба аясында облыста 25 сабақ беріледі. Оны өңіріміздің ең мықты ұстаздары өткізеді. 01:43-46/ Сабақтар әртүрлі форматта өтеді. 02:06-18/ Оқушылар өздігінен жұмыс істейді, білімдерін көрсетеді.

Республикалық «25 жұлдызды күн» акциясының 3-і күні еліміздің шекарасына арналмақ.

 

Айгерим Ержанова