Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Петропавлда 41 тұлға жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған

Бүгінде өңіріміздің қылмыстық атқару жүйесі департаментінде 1000-ға жуық шартты түрде сотталған адам бақылауда. Оларды полицияның учаскелік инспекторлары мекен жайы бойынша тексереді.

Сейілбек Елжасов – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік инспекторы:

– Тексеріс барысында ең көбі өз үйлерінде болмай шығады.

Жалпы, шара барысында мамандар 41 тұлғаның жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғанын анықтады. Бұлардың бірқатарының ісі сотқа жіберілді. Енді оларға кесілген жаза қатаңдауы әбден мүмкін.

 

Тогжан Акмагамбетова