Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір өнеркәсібі қарқын алған

Жеңіс Асанов – СҚО индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Бір жарым жылдың ішінде 14 кәсіпорын іске қосылды. Оның 4-уі биыл іске қосылды. Оның ішінде бірнеше жеке кәсіпкерлік пен «Казмунторг» деген жаңа кәсіпорындар пайда болды.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 8 млрд теңгеден астам соманың 9 жобасы іске асырылуы тиіс болатын. Бүгіндері соның 7 сәтті жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 2-уін ашу жоспарланған. Оның бірі – өнімі Қытайға экспортталатын Тайынша ауданындағы май зауыты. Кәсіпорынды желтосқан айында іске қосу көзделіп отыр. Осы ретте аталмыш бағдарлама аясында жұмысын бастаған «Әулие голд майнинг» кәсіпорнының жұмысы жайлы сөз қозғап кету орынды. Өйткені, алтынды өндіру барысында кен орнындағы технология өзгертуге ұшыраған болатын.

Жеңіс Асанов – СҚО индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Өскемен қаласындағы кен орындарын өндіру институты осы «Әулие голд майнинг» кәсіпорнындағы технологияны өзгерту туралы шешім шығарды. Қазір ондағы жұмысты жандандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017 жылдың көктем-жаз айларында ондағы жұмыс қайта жалғасатындығына сенімдіміз.

Айта кету керек, тәуелсіздік алған жылдардан бері облысымызға 810 млрд теңге инвестиция құйылған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш бойынша теріскей республикада бірінші орынға тұрақтаған болатын.

 

Магжан Ахмадина