МТРА жаңалықтары

Облыстық жас қаламгер байқауы өтуде

Әйгерім Мұқанова, байқауға қатысушы, Аққайың ауданы:

– Мектептегі өмір, оқушылар, жиындар жайлы жазамыз. Бүгін жеңсек екен.

“Жас қаламгер” облыстық болашақ журналистер байқауына 100-ге жуық жасөспірім жиылды. Олардың барлығы бүгін өздері шығарған газет, радио және бейне материалдарды қазылар алқасының назарына ұсынады. Араларынан тек шын мықты анықталмақ. Күннің бірінші жартысында оларға журналистика саласында еңбектеніп жүрген азаматтар арнайы шеберлік сыныбын өткізуде.

Ақ-Ләйлек Жаукина, “Вместе!” баспасөз орталығының жетекшісі:

– Байқауды жыл сайын өткіземіз. Биылғысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып жатады. Қаладағы мектептер жанында журналистер үйірмелері бар. Ол жерде балалар шыңдалып, шынығады. Мұндай байқаулардың кейін жастардың осы саладағы білікті маман болып шығуына тигізер пайдасы зор. Бүгінгі жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттаймыз.

Кейін, болашағын журналистикамен ұштастырғысы келетін балалар Муниципалдық телеарнаға экскурсия жасауға келді. Бұл жерде олар дыбыс жазу, монтаждау бөлмелеріне кіріп сюжеттің толық дайындалу үрдісімен танысты. Оларға ең қызығы арнаның студиясын көру болған сияқты. Осылайша, “Жас қаламгер” байқауының қатысушылары камерадан тыс қайнап жатқан БАҚ қызметкерлерінің тыныс-тіршілігін көріп білді. Бұдан соң балалар облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Тұңғыш Президент” залымен танысты.

 

Акбопе Танирберген