МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар электр қуаты үшін 61 млн теңге қарыз

Енді электр тарату желісіне қайта қосылу үшін көпқабатты үйде тұратындар 8 мың теңге ал, жеке сектордағы баспана иелері 17 мың теңгеге дейін төлеу қажет екен. Қосылу тарифінде не себепті мұндай айырмашылық бар? Осы сұрақ бүгінде біраз тұрғынды мазалағандықтан біз “Севказэнергосбыт” серіктестігінің басшылығынан сұхбат алдық.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Электр тарату жүйесіне қосылу құны түрліше. Оның бағасы үйде орнатылған электр есептегіш аспаптың түріне байланысты. Мысалы, пәтерде бір фазалы энергия есептейтін аспабын орнатқандар электр тарату жүйесіне қосылу үшін 7 482 теңге төлейді. Ал үш фазалы электр есептегіш құрылғысы барлар 8 336 теңге береді. Тарифтерді біз емес уәкілетті мемлекеттік орган бекітіп берді.

“Севказэнергосбыт” ЖШС барлығы 83 мың солтүстікқазақстандық тұтынушыға қызмет көрсетеді. Соның 10 пайызға жуығы жылда қырызын қайтаруға асықпайтын көрінеді.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Біз абоненттерге қарызын өтеу үшін 2 ай уақыт береміз, қаражат таппай, мерзімінде берешегін өтей алмағандарға жеңілдіктер жасауға тырысамыз. Бүгінде электр тарату жүйесіне қосу және ажырату жұмыстарымен Солтүстік Қазақстан электр желістік тарату компаниясы айналысады. Олар да заң аясында жұмыс істейді.

“Севказэнергосбыт” компаниясы тұрғындарды берешегін уақытында қайтаруға қажеттігін ескертеді. Себебі, соның салдарынан тұтынушылар кейін артық шығындалып, әлектр желісіне қайта қосылу үшін көп уақытын жоғалтады.

Берік Қасен