МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы автомектептердің арасында «Үздік курсант» байқауы өтті

Юлия Миронова – автомектеп курсанты:

– Бүгінгі сынақтан сүрінбей өтуге тырыстым. Тұраққа автөкөліктің артымен кіріп, параллельді тоқтау қиын болды. Негізі, көлік жүргізгенді ұнатамын.

Полицейлер осындай шараны өткізіп болашақ жүргізушілердің білім сапасын байқаймыз дейді. Осы арқылы автомектептердің оқыту деңгейі анықталады.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Аталмыш акцияның басты мақсаты – ең үздік автомектепті анықтап, олардың білім деңгейлерін тексеру.

Полицейлер «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы» атты акция аясында қарашаның 14 мен 20 күндері аралығында бірқатар іс-шаралар өткізген. Оған оқушылар, автомектеп курсанттары, көлік жүргізушілері қатысып, тұрғындарға жол қозғалысының ережелерін тағы бір мәрте еске салды. Жалпы облыс жолдарында 10 ай ішінде 182 оқыс оқиға тіркелген. Салдарынан 34 адам қайтыс болып, 233-і түрлі дене жарақаттарын алған.

 

Айсулу Сергали