МТРА жаңалықтары

Петропавлда “25 жұлдызды күн” акциясы аясында алғашқы шара өтті

Зәуре Картова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандитаты:

– Тарихқа көз жүгіртсек, конституция 15-18 ғасырларда пайда болған. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы бар. КСРО кезінде Конституция 3 мәрте өзгшеріске ұшыраған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданып, 5-ші қыркүйек күні өз күшіне енген. Айту керек, соңғы 22 жыл ішінде еліміздің Ата Заңына 3 мыңға жуық өзгеріс енгізіліпті. Оның 1100-і халықтың сұранысы бойынша. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші конституция. Оның алдыңғысы 1993 жылы қабылданған болатын. Жалпы «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында өңірде 18 түрлі шара ұйымдастырылмақ.

Әсемгүл Есқожа – «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

– Акция аясында біз жастар мен аға буынға арнап түрлі шаралар өткіземіз. Бірақ басты мақсатымыз халыққа “Мәңгілік ел” идеясын түсіндіру.

Аталған акция желтоқсан айының 15-і күні өз мәресіне жетеді. Бұл күні облыстық ҚХА-нда «Арго» грузин этномәдени бірлестігі құрылады деп жоспарланған. Ол Достық үйінің шаңырағындағы ұйымдардың 25-шісі болмақ.

 

Айгерим Ержанова