МТРА жаңалықтары

Петропавлда прокуратура қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қан тапсырды

Руслан Мамбетов – СҚО прокуратурасы 7-ші басқармасының бастығы:

– Азаматтардың барлығы да қан тапсыру керек деп есептеймін. Өйткені, кез келген адамның тапсырған қаны біреулердің өміріне араша түсуі мүмкін. Мен өзім жылына облыстық қан орталығына 5-6 реттен келіп, қан тапсырып тұрамын.

Сондай-ақ, бұл күні жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету үшін жол полициясы қызметкерлері де қан тапсыруда. Жанат Сұлтанов біреу үшін қан беру – сауапты іс дейді.

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД жол-патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы:

– Қан тапсырған уақытта түрлі оқиғалардан зардап шеккен жандарға көмегі зор. Қан тапсырғанда адамның денсаулығына жақсы әсер етеді. Осы күні адам денесі жақсарады.

Мұндай игі іске атсалысқан азаматтар көмекке мұқтаж жандарға көмектесіп қана қоймай, өз денсаулығы үшін де пайдалы іс атқарады дейді дәрігерлер.

Сартай Қоспанов – СҚО қан орталығының бөлім меңгерушісі:

– Акциялардың пайдасы бар. Өйткені, бұл нәрсе өте қажетті. Оны көп халық түсінеді. Бүгін міне сенбі күні ІІД және құқық қорғаушылар қан тапсыруға келіп отыр.

Жалпы осы күні 50-ге тарта тәртіп сақшысы мен прокуратураның 40-қа жуық қызметкері қан тапсырған. Олардың әрбіреуі көмекке мұқтаж жандар үшін 450 миллилитр қанымен бөлісті.

 

Тогжан Акмагамбетова